Аннетт Кауфманн: "Қазақстандықтарға үлкен сәлем!»

13.12.2022

Тунисте, үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Германиядан келген Аннетт Кауфманн қыздар арасындағы жұптық разрядта қола медаль жеңіп алды (суретте) - ол кадеттер, қыздар, жастар арасындағы Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы. Неміс спортшысы мені неге қызықтырды? Себебі оның ата-анасы Германияға Өскемен қаласынан көшіп келген. Олар тек біздің отандастарымыз ғана емес, олар қазақстандық спорт әлемінде танымал адамдар. Аннеттің әкесі - Андрей Сингилеев "Торпедо" (Өскемен) командасы, Қазақстан құрамасы үшін хоккей ойнады. Анасы - Анна Коршунова фристайлдан Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваның алғашқы жаттықтырушысы болған. Анасының айтуынша, оның қызы Қазақстанға екі рет 2 және 8 жасында келген.

Анна Коршунова: "Алан Құрманғалиевті, оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны, барлық қазақстандықтарды әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз. Мен Қазақстан үшін, Аннетт үшін жанкүйер болдым".

Аннетт Кауфманн: "Аланды әлем чемпионатының медальдарымен құттықтаймын және барша қазақстандықтарға үлкен сәлем жолдаймын".

Өз кезегінде біз Аннетті қола жүлдесімен құттықтаймыз!

Тунистен Талап Қойбағаров