Алтын жүлделер тек Қарағандыда ғана

23.03.2023

Қарағанды облысының ерлер мен әйелдер құрамалары осы күндері "Saryarka" орталығында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасының бағдарламасында үстел теннисінен командалық турнирді салтанатты түрде аяқтады.

Ерлер, финал, Қарағанды - Шығыс Қазақстан облысы 3:1.

Чемпиондар Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Раимбек Кельбуганов.

II орын Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Кирилл Сотник, Арнұр Оралханов.

Әйелдер, финал, Қарағанды - Шымкент 3:1.

Алтын жүлделерді жеңіп алғандар - Зәуреш Ақашева, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Александра Смирнова, Виктория Мочалкина.

Күміс жүлделер - Сарвиноз Мирқадырова, Анель Бақыт, Гүлноза Камилжанова, Малика Расұлметова, Ақниет Амангелді.

Спартакиада жалғасуда және алдыда жеке, жұптық, аралас разрядтардағы матчтар бар.


Талап Қойбағаров