Сенбі күні кешкісін Зренянин қаласынан қуанышты хабар келді, үстел теннисі бойынша Сербияның ашық біріншілігінде (ITTF World Junior Circuit) кадеттер арасында жеке сынақта алтын медальді қазақстандық спортшы Сарвиноз Мірқадірова (жаттықтырушылар Евгений Тимченко, Рустам Мирасланов) жеңіп алды. Құттықтаймыз! Сарвиноз құрмет тұғырының жоғары сатысына дейінгі жолды сенімді түрде өтті, әріптестерін Ресейден 3:1, Сербиядан 3:0, Бразилиядан 3:1, тағы да Ресейден 3:0, тағы да Бразилиядан 3:0 ұтып, финалда Светлана Дмитриенкодан (Ресей) 3:2 басым түсті. Ура, Сербияның алтыны Қазақстанға барады!
Талап Қойбағаров