Алтын медальдар Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына баратын болды

07.10.2018

Алматыда үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде және бүгін командалық есептегі чемпиондар және жүлдегерлер анықталды. Қыздар арасында бірінші орынға сайысқа Қарағанды облысы және Шымкент қаласы түсті. 3:1 есебімен Қарағандылықтар Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, Арай Әшкеева Шымкенттік Сарвиноз Мірқадірованы, Мәлика Ілхамжанованы, Озода Азатованы ұтып кетті. Үшінші орынды Қостанай және Жамбыл облыстарының теннисшілері иеленді.

Ер балалар арасында Дастан Кенжеғұлов, Айдос Кенжеғұлов және Санжар Жұбанов (Батыс Қазақстан облысы) ерекше көзге түсті, олар бірінші орын үшін сайыста Ақтөбеліктерді жеңіп кетті 3:0. Қола медальді Қарағанды және Түркістан облысының спортшылары жеңіп алды.

7 Қазаннан бастап чемпионатта жеке, жұптық, аралас разрядтарда ойындар басталады.




Талап Қойбағаров