Алтын медаль және 1000 рейтингтік ұпай

08.06.2026

Хельсинборгта (Швеция) 25 елден келген спортшылардың қатысуымен «WTT Youth Contender Helsingborg» халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды.

U19 жас санатында қарағандылық Алан Курмангалиев (жаттықтырушылары Эльмира Алиева, Токтамыс Хасенов) Хьюго Джобсты (Швеция) 3:0, Обада Таббаханы (Швеция) 3:0, Балажа Поораны (Венгрия) 3:1, Абхинандха Прадхивадхиді (Үндістан) 3:2, Ян Мругаланы (Польша) 3:0, Йохан Хавстин (Дания) 3:1. Самуэль Михнаны (Польша) 3:1 есебімен жеңіп, алтын медаль жеңіп алып, жастар арасындағы әлемдік рейтингте 1000 ұпай жинады.

Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров