Алматыдаөтіп жатқан«Алтын күз» атты үстел теннисінен халықаралық турнирде қыздар арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Ең жас спортшылар арасында (2008 ж.т және одан жас) бірінші орын үшін ойын матчына Дарья Фу (Қарағанды) және Рамида Әбдімүтәліпова (Бішкек) сенімді түрде жетті. Финалдық жекпе-жек қарағандылық ойыншының айтуы бойынша өтті және Дарья алтын медальді жеңіп алды.«Күміс» жүлдені Рамида иеленсе, ал «қолаға» Дарья Гамова (Қарағанды) ие болды.
Келесі
жассанатында(2006 ж.т және одан жас) бірінші орынды ұтысқа салғандар Соғдиана
Ибадуллаева (Өзбекстан) және Гүлера Шавкатова (Түркістан облысы) болды. 2:0
есебімен алдыда келе жатқан Соғдиана босаңсып қалған еді, сол сәтті пайдаланған
Гүлера есепті 2:2 мен теңестірді. Үзіліс кезінде өзбектік жаттықтырушы Георгий
Цой теннисшіге бағалы нұсқаулар берді және Ташкент облысынан келген қонақ
нәтижесінде «Алтын күз» турнирінің чемпионы болды. Екінші орында Гүлера, үшінші
орында Аида Үсіпбаева (Түркістан облысы).
Ересек қыздар
арасында(2004 ж.т және одан жас) алтын жүлдеге бәрінен де жақынырақ болған
Сарвиноз Саидмұратханова (Шымкент) еді, ол Жанерке Көшкімбаеваға (Қарағанды)
қарсы шешуші бесінші партияда 9:5 есебімен алдыда келе жатқан болатын. Біраз
сәттерден кейін жеңіс қолда тұрғандай көрініп еді. Бірақ, Жанерке өзінің
жеңіске деген жігерін көрсете алды және 5:9 -ды 11:9 етіп
өз пайдасына «ауыстырды». Сарвиноз екінші, ал үшінші орында алматылық Виктория
Маркина. «Алтын күз» турнирінде күреске ұлдар түсті.
Талап Қойбағаров