"Алтын күз" басталды

11.11.2025

Алматыда Астана, Алматы, Шымкент, Қазақстанның өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстанның Ташкент, Андижан, Хорезм облыстарынан келген 120 спортшының қатысуымен дәстүрлі "Алтын күз" турнирі басталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тек 13 қарашада белгілі болады, бірақ бүгіннің өзінде келесі жас санаттарындағы көшбасшыларды атап өтуге болады:

2010-2012 ж.т. - Шохруза Шавкатова (Түркістан облысы), Аяла Слямбекова (Абай облысы), Элеонора Шириева (Андижан облысы), Айназ Адильгереева (Алматы), Арнелла Балабай (Маңғыстау облысы), Тутия Озотжонова (Андижан облысы).


2013-2014 ж.т. - Жания Бекмухамбетова (Қостанай облысы), Махлиё Машарипова (Ташкент облысы), Аяжан Мурат (Павлодар облысы), Арина Рябова (Қарағанды облысы), Тасмина Анваржонова (Андижан облысы).


2015 ж.т. және одан кіші – Злата Стадник (Қарағанды облысы), Махлиё Матризаева (Ташкент облысы), Адель Вебер (Астана), Нуршуак Смаил (Түркістан облысы), Амина Токпанова (Павлодар облысы).


Талап Қойбағаров