Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен "WTT Youth Contender Tashkent" халықаралық турнирі аяқталды, соңғы ойын күні қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды:
Күміс Назерке Болатбек (U11, жаттықтырушысы Ержан Есимханов, Түркістан);
қола Мария Лукьянова (U15, жаттықтырушысы Александр Брижевский, Қарағанды);

қола Адель Вебер (U11, жаттықтырушысы Роман Халилов, Астана);

қола Дагир Данияров (U11, жаттықтырушысы Юлия Даниярова, Қостанай).

Бұған дейін U13 жас санатында бірінші орынды Қостанайдан келген Жания Бекмухамбетова иеленді.
Талап Қойбағаров

