24-27 шілде аралығында Алматыда әлемнің түкпір-түкпірінен болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларды жинайтын WTT Youth Contender Almaty 2026 халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа WTT Youth әлемдік жасөспірімдер рейтингінің көшбасшылары, ең ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері келеді.
Дәл Алматыда жанкүйерлер болашақ әлемдік үстел теннисінің жұлдыздарын өз
көздерімен көре алады. Олардың көпшілігі бүгінде өз жас санаттарында әлемнің
үздік ойыншыларының қатарында.
Ұлдар арасындағы басты фавориттер.
Lee Seungsoo — WTT Youth
әлемдік рейтингінде №7. Оңтүстік Корея үстел теннисі мектебінің көшбасшыларының
бірі және турнирдің басты жеңіске үміткерлерінің бірі.
Алан Курманғалиев — WTT Youth әлемдік рейтингінде №13.
Жастар арасындағы әлем чемпионы (аралас жұптық сайыс), жастар арасындағы Азия
чемпионатының қола жүлдегері және ұлттық құрама сапында Ислам ойындарының
чемпионы.
Priyanuj Bhattacharyya — WTT Youth әлемдік рейтингінде №39. WTT Youth сериясындағы халықаралық
турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, Үндістанның ең мықты жас ойыншыларының
бірі.
Қыздар арасындағы басты фавориттер.
Miku Matsushima — WTT Youth
әлемдік рейтингінде №3. Әлемдегі ең мықты жас спортшылардың бірі және турнирдің
алтын медаліне басты үміткерлердің бірі.
Cocona Muramatsu — WTT Youth әлемдік рейтингінде №28.
Әйгілі жапон үстел теннисі мектебінің өкілі, WTT халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін қатысушысы.
Kim Minseo — WTT Youth әлемдік рейтингінде №33.
Корея Республикасының болашағынан зор үміт күттіретін спортшысы, ең ірі
халықаралық жарыстарда тұрақты өнер көрсетіп келеді.
WTT Youth Contender Almaty 2026
жас таланттар үшін ең маңызды халықаралық алаңдардың біріне айналады. Мұнда
болашақ әлем жұлдыздары WTT
рейтингтік ұпайлары мен беделді турнирдің медальдары үшін бақ сынайды.
Өтетін орны: ADD Ustel Tennis Ortalygy, Алматы
қаласы, Нұркент шағынауданы, 14Б.
Өтетін күндері: 2026 жылғы 24-27
шілде.
Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына»
АҚ және туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры Sport Qory.
Қазақстан үстел теннисі федерациясы демеушілік қолдау көрсеткен ADD Capital, Halyk Bank, Allur, Kazakhmys және ERG компанияларына алғыс білдіреді.
Халықаралық турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан
Республикасы Туризм және спорт министрлігіне және Алматы қаласының әкімдігіне
ерекше алғысымызды білдіреміз.

