Алматыда Hopes Week&Challenge

27.02.2026

28 ақпан және 1 наурыз күндері Алматы "ADD" үстел теннисі орталығында 2014 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында "Hopes Week&Challenge" республикалық іріктеу турнирі өтеді.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының "Hopes" бағдарламасы - бұл жарыстар мен турнирлерде өзінің жоғары әлеуетін көрсеткен көптеген әлемдік деңгейдегі ойыншылар үшін трамплин қызметін атқарған, өзін жақсы танытқан жаһандық таланттарды анықтау жобасы.


Алматыда Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 40 спортшы "ITTF Asia Regional Hopes Week&Challenge" ойынына 2 жолдама (1 ұл және 1 қыз бала) ойнайды.


Талап Қойбағаров