Алматыда алтын күз

08.11.2017

Алматыда «Алтын күз» атты стол теннисінен дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Спортшылар үш жас топтарында 2003 ж.т., 2005 ж.т. және 2007 ж.т арасында бәсекеге түсті.

Кезекті тартымды бәсекелестік Қазақстанның абсолюттік чемпионы Сарвиноз Мирқадырова (Оңтүстік-Қазақстан облысы) мен ел чемпионатының күміс жүлдегері Александра Смирнова (Қарағанды) арасында күтілді, олар осымен төртінші жыл тұрақты республика біріншілігінің шешуші матчтарында, халықаралық жарыстарда кездесуде. Жақында ғана, 16 қазанда шахтерлар қаласының астанасында өткен Қазақстан чемпионатының финалында Сарвиноз, Александраны жеңген болатын (2004 ж.т және одан жас). Ал биылғы «Алтын күзде» Александра басымдылық көрсетіп өз қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Алайда ең болмағанда жүлдегер болу үшін бұл жеңіс жеткіліксіз болды, Александра бар болғаны бесінші орынды иеленді.Сарвиноз турнирдің финалдық бөлігінде сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетіп чемпионка атағын алды.12 – жастағы Сарвиноз Мирқадырова, 14 – жастағы теннисшілермен де бәсекелескендігі туралы айта кеткен абзал.

Қазақстан жастар құрамының мүшесі Искандер Харки (Жамбыл облысы) барлық турнирден мүдірмей өтті, Ева Минеева (Карағанды), Диана Аристонова (Өзбекстан), Екатерина Пюрко (Солтүстік Қазақстан облысы), Нурхат Абдыхалык (Алматы), Сағантай Құрмамбаев (Семей), Озод Пардаев (Өзбекстан), Давуд Лутфуллаев (Өзбекстан)тамаша есте қалатын ойындар көрсетті.