Алматы және Ақтөбе үшін алтын

24.09.2018

Ақтау қаласында «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін VI халықтың спорт Ойындары бағдарламасындағы үстел теннисінен турнир өтуде. Алғашқы медальдар жиынтығы командалық жарыста сарапқа салынды міне, оның қорытындысы:

Әйелдер құрамасы

1орын - Алматы (суретте Айя Әлімбаева, Валентина Успанова, Любовь Никифирова);

2орын- Шымкент (Гүлмира Ибрагимжанова, Мәлика Илхамжанова, Баян
Нышанова);

3орын-Павлодар облысы (Өтепова Әсемгүл, Бондарь Елена, Ташева Кәмила);
Ерлер командасы

1 орын - Ақтөбе (Сәрсембаев Диас, Мархабаев Диас, Сағын Бейбол);

2 орын – Шығыс Қазақстан облысы (Жолудев Денис, Сотник Кирилл, Нарубаев Әлібек);

3орын – Алматы қ. (Келбұғанов Тимур, Бейсенов Самат, Бекназаров Ермек).

Енді турнирде теннисшілер жеке разрядтағы марапаттар үшін күреседі.

Талап Қойбағаров