Елордалық "ADD TABLE TENNIS CENTER ASTANA" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан Қазақстанның ашық командалық чемпионатында соңғының алдындағы күні аяқталды. Суперлигада турнир кестесіндегі позициялар келесідей:
1-2 орынды "Sarkan" (Жетісу облысы) және "Қарағанды"
ҮТК бөлісуде. Үшінші орында "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы). Бұдан
кейін "Sigma" (Шымкент), "Хван Ман-Гым" СК (Өзбекстан),
Павлодар, "Қарағанды-3" ҮТК, "Karven" (Қырғызстан), "Масаншы
жолбарыстары", "Қазаэронавигация" клубтары келе жатыр.
I-лигада жексенбілік
ойындарға қарамастан, 2023 жылғы маусымының Суперлигасына екі жолдаманы
"Alga Express" (Алматы, 1 орын) және "Andijan" (Өзбекстан,
2 орын) жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров