Жақында Маңғыстау облысының үстел теннисі Федерациясының төрағасы «Сaspi Bitum» БК ЖШС Бас директоры Ерболат Қожабаев болды. Оның басқару тәжірибесі өңірдегі үстел теннисінің дамуына жаңа серпін беруге тиіс.
Ерболат Қожабаев: "Маған сенім артқандарыңыз үшін алғысымды
білдіргім келеді, халықтың, балалар мен жастардың арасында олимпиадалық спорт түрін
танымал етуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, шағын ракетканың жоғары
білікті шеберлерін даярлау бойынша барлық күш-жігерімді саламын. Бізде жақсы спорттық дәстүрлер бар - Ақтауда ардагерлер
арасында Қазақстан чемпионаттары өткізілді, ал біздің теннисшілеріміз облысты
кез-келген дәрежедегі жарыстарда лайықты түрде көрсетеді: Есен Рамазанов - "Алтын күз-2015" халықаралық турнирінің
чемпионы, 2018 жылғы еліміздің жасөспірімдер клубтық чемпионатының командалық
есептегі жеңімпазы, Болгарияда өткен "Албена-2016" халықаралық
турнирінің қола жүлдегері, Гузель Торшаева – Ресейде өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері,
"Албена-2016" халықаралық турнирінің қола жүлдегері, қыздар арасындағы
ел чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Махатай Рамазанұлы - ардагерлер арасындағы Қазақстанның 4 дүркін
чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, Испания мен АҚШ-тағы
әлемдік біріншіліктердің қатысушысы. Облыста үстел
теннисі бір орында тұрмайды, дамып келеді және Бақыт Әлімжан, Никита Романюк,
Карина және Зарина Борсақбаевалар, Дана Оңдасынова, Ярослав Жадько, Айнагүл Фәридова,
Аққу Темірханова сияқты және басқада келешегі бар ойыншыларымыз бар.
Қазір істермен танысудамын және Маңғыстау облысының үстел
теннисі үшін көп жұмыс атқару керек екенін түсінемін".
Талап Қойбағаров