Алдыда көп жұмыстар бар

10.07.2025

Үстел теннисінен Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы болып Юрий Попов тағайындалды - ҚР спорт шеберіне үміткер, ел чемпионатының және командалық есепте республикалық Спартакиаданың қола жүлдегері.

Юрий Анатольевичке сәттілік, оптимизм және шыдамдылық тілейміз. Тәлімгерлерді даярлауға және біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлу, жаттықтырушылар құрамымен, жас спортшылармен тығыз жұмыс істеу, олардың техникалық даярлығын бағалау, аға буын тәжірибесін беру сияқты көптеген істер күтіп тұр. Теннисшілерді мүкәммалмен қамтамасыз етуге, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, ақтөбеліктердің ҚР чемпионаттарында, республикалық және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуіне ерекше назар аудару керек.


Талап Қойбағаров