Бангкокта (Тайланд) Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) саммиті өтті. 22-24 тамыз аралығында өткен іс-шара спорттың дамуындағы жаңа дәуірдің негізін қалап, жаһандық даму стратегиясын, инклюзивтік пен жаңаруды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Саммитке елімізден ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин қатысты. Іс-шара аясында Қазақстан аумағында үстел теннисінен ірі әлемдік және континенттік турнирлерді ұйымдастыруда алға қойған мақсаттар туралы келіссөздер жүргізілді. ITTF Халықаралық Федерациясы Қазақстан спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда, сондай-ақ спорттың осы түрін дамытуда және ілгерілетуге қатысуда жоғары деңгейін үнемі көрсететін елдердің қатарында екенін атап өтті.
Саммиттің үш күнінде көптеген
сессиялар мен пікірталастар өтті. Негізгі талқылау ITTF әлем чемпионатының
тарихы мен болашағына бағытталған. Бангкок пен Лондон қалалары 2026 жылғы әлем
чемпионатын өткізуге арналған өтінімдерінің өршіл презентацияларын ұсынды. Нәтижесінде
әлемдік біріншілік 2026 жылы турнирдің жүз жылдығын атап өту үшін туған қаласына
оралады. Лондон 1926 жылы алғашқы әлем чемпионаты өткізілгеннен тура 100 жыл өткен
соң чемпионат өтетін орынға айналады және сол уақытта ITTF халықаралық
федерациясы құрылды. Сондай-ақ, 2025 және 2026 жылдары жастар арасындағы әлем
чемпионаттарын өткізу орындары белгілі болды, оларды сәйкесінше Румыния мен
Бахрейн қабылдайды.
ITTF Саммитінің соңғы күні үстел
теннисінен командалық әлем чемпионатының финалына қатысатын командалардың санын
көбейту туралы шешім қабылданды, 2026 жылы әлем чемпионатының медальдары үшін -
64 команда таласады.
Келесі ITTF 2024 Саммиті
Пусанда (Оңтүстік Корея) өтеді.