Оломоуц қаласы, Чехияның үстел теннисінен Ашық чемпионаты, финалдың1/8 бөлігі. Кирилл Герасименконың (Қазақстан) қарсыласы 32-жасар тәжірибелі спортшы, командалық есептегі Еуропа чемпионы Даниэль Хабесон (Австрия). Матч кезінде көптеген жанкүйерлер Кирилл мен Даниэль көрсеткен,әсерлі және жарқын да тартысты ойындарынан ләззат алды. Біздің теннисшіміз бірінші және үшінші партияларды ұтып алуға мүмкіндігі болған еді, ол ойында 10:7 және 10:5 есебімен алдыда келе жатқан болатын, бірақ 10:12 және 11:13 есебімен ұтылып қалды. Кирилл соңына дейін шайқасты, кездесуді өз пайдасына қарай бұруды тырысты, бірақ австриялық ойыншы ойындағы өз мүмкіндігін жібермеді, 4:1 есебімен жеңді және финалдың ¼ бөлігіне шықты.
Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий
Левенконың (Австрия) пікірі: «Кирилл
ойын бойынша алғашқы үш сәтте күшті болды, алайда бірінші партияда 10:7, және
үшінші партиядағы 10:5 есебіндегі артықшылығын жүзеге асыра алмады. Осы
деңгейде мұндай сыйлықтар жасауға болмайды. Әрине, австриялық ойыншы да үлкен
сенім пайда болды және оны ешкім тоқтата алмады. Кездесу барысын Кирилге өз
пайдасына шешу енді қиын болды. Кирилл Скачковпен (Ресей) кездесудегі сияқты
сеттің соңында нашар ойын көрсетті.Бұл оған ұқсамайды, бұл жағдай біз үшін
жаңадан болып тұр, және біз оған қатысты жұмыс жасаймыз. Алайда ескере кететін
болсақ, Кирилл Герасименкоға осы жылы үш рет Әлемдік Тур финалының 1/8 бөлігіне
жету қолынан келді, ал жас ойыншыға бұл өте жақсы нәтиже. Чемпиондыққа бірден
қол жеткізбейді, алда өте-ұзақ және күрделі жол күтіп тұр. Сынға салуды жақсы
көретін қауым Кирилге сәтсіз қалыптасқан матчын кешіретін шығар деп үміттенемін
және оның жетістіктеріне оңтайлы баға береді деп
сенемін.
Талап Қойбағаров