Солтүстік Қазақстан облысының үстел теннисінен аға жаттықтырушысы болып спорт шеберіне үміткер, команда бойынша, жеке есептегі, жұптық және аралас разрядтардағы облыстың бірнеше дүркін чемпионы, "Ақ бидай-2008" Республикалық турнирінің қола жүлдегері, Қызылжар ауданының БЖСМ-нің жаттықтырушысы Нұрлан Арынғазинов тағайындалды.
Нұрлан Арынғазинов:
"Біздің өңірде үстел теннисін жақсы көреді, шұғылданушылар көп, қыздар
арасында жақсы нәтижелер бар, бірақ Қазақстан чемпионатында біз құрмет тұғырынан
алыспыз. Аға жаттықтырушы ретінде мен әріптес-жаттықтырушыларыммен бірге
облысты республикада алдыңғы қатарға шығаруға тырысамын. Ол үшін не қажет? Жыл
бойы оқу-жаттығу барысын ұйымдастыру, одан әрі спорттық жетілдіру үшін неғұрлым
келешегі бар теннисшілерді іріктеу. Алда орасан зор жұмыстар күтіп тұр".
Талап Қойбағаров