Түркістанда, "Turkistan Arena" стадионының мәжіліс залында дәстүрлі спорт қоғамының кеңесі өтті, онда облыс, қала және аудандық үстел теннисі федерацияларының президенттері сайланды. Дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдығараев еліміздің оңтүстік өңірінде үстел теннисін одан әрі дамыту, спортшылар мен төрешілердің шеберлігін арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, жабдықтар мен киім-кешекті жаңарту, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, турнирлерге жәрдемдесу және Түркістан теннисшілерінің ең жоғары деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетуі бойынша алда көп жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.
Федерация
президенттерін сайлау дауыс беру арқылы өтті және сіздердің назарларыңызға қоғамдық
ұйым жетекшілерін ұсынамыз:
Жеңіс Мақұлбаев (суретте) - облыстық федерация президенті;
Расул Мариев - қалалық федерацияның президенті;
Асқар Кенехан - Байдібек аудандық федерациясының президенті;
Әлихан Утанов - Жетісай қаласы федерациясының президенті;
Садық Жиренбаев - Сарыағаш қаласы федерациясының президенті.
Үстел теннисінің
игілігі үшін жұмыста сәттілік тілейміз!
Талап Қойбағаров