Алайда, күресте жеңілді

16.11.2018

Минскіде (2018 ITTF Challenge Series) үстел теннисі бойынша Беларусь Республикасының 11-ші Ашық чемпионаты жалғасын табуда. Біздің елден спорт шеберлері Зәуреш Ақашева, Айя Алимбаева, Гулчехра Хусейінова, Анастасия Лаврова, Алсу Сапарова, Александр Герасименко, Тимур Келбұғанов, Денис Жолудев, Бекұлан Жамал, Айдос Кенжеғұлов және Диас Сәрсембаев жарысқа қатысты.Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің сұхбаты:

«Жеке, жұптасқан турнир біліктілігінде бізде екі маңызды күн болды және ауыспалы табыспен өнер көрсеттік. Өте жақсы жеке жүйелер, тамаша ойындар болды, теннисшілердің сәтсіздіктері де болды. Қыздардың жолы болмай, ешқандай жеңіске жете алмады. Гулчехра Хусейінованың қарсыласы поляк қызы Жулия Зимзак оң жақтан аралас шабуыл мен сол жақтан ұзын бұдырмен ойнады. Екінші қарсыласы – қорғаушы Жапониядан Сома Юмено болды. Әр түрлі стильдер, дайындықтың түрлі деңгейлері болды.Бірнеше торларда Хусейіновашалынып қалды, қайта қалпына келу ауыр болды, соңында екі жаңіліс тапты.

Настя Лаврова топта Ли Собонмен (Оңтүстік Корея) жарысып оған күреске жол берді. Азиаттықпен жақсы ойнап, екі жүйені жеңді. Екінші қарсыласы Ресейден Анастасия Колиш – ұзын бойлы, тәсілқой, күшті болды. Біздің Настя бірдей, тұрақты ойнады, алайда ресейлік жүйенің соңында шеберлік есебінен жеңіп шықты.

Айя Әлімбаева Ли Юнгеинмен (Оңтүстік Корея) кездесті және оған қарсы тұратын ештеңе болмады, жеңіл жеңілді. Сол жағында анти-топсині бар итальяндық Лаурентимен Айя үшінші және төртінші жүйелерде өзінің ойынын көрсете білді, алайда ол жеңу үшін жетпей қалды.

Зәуреш Ақашева қытайлық Сонг Нанге қарсы тамаша ойнады және табан тірескен күресте жеңді. Әрине біз түсінеміз, бұл Қытай құрамасының ойыншысы емес, шет жақтан, университеттерден, спорт мектептерінен келген теннисші болуы мүмкін, алайда, Қытай ол Қытай, барлық ойыншылар сонда. Зәуреш осы жеңісін өзінің активіне жазып қояды. Ал келесі күні Зәуреш Ким Хайенге (Оңтүстік Корея) қарсы матчында үлкен жеңіліске ұшырады.

Ұлдар әр түрлі ойнады. Поляктық жас өспірім Каспер Петаспен Бекұлан Жамалда жеңістер де болды, тәжірибелі Алексей Ливенцовта жеңілістер де болды.

Денис Жолудев тамаша, жігерлі ойынды көрсетті және Фанг Жинлингтен (Қытай) күштірек болды 4:1. Шиыршықтанулар болды, үстелде доп көп тұрып қалды. Сондай-ақ жақында ғана жұптық разрядта Бельгияда әлемдік турде жеңіске жеткен жапондық Сона Какерумен сенімді түрде күресті. Матч ауыр болды. Бірінше торда жеңілді 9:11, содан кейін келесіде жеңді 12:10, соңында жапондық одан әрі жылжыды.

Айдос Кенжеғұлов үлкендердің турнирінде ойынбасы ретінде: ресейлік Илья Березиннен және неміс Деннис Клейннен жеңілді. Өз мүмкіндіктерінің күшімен жеңіле отырып, тәжірибе жинақтайды. Айдостың жеңістері алда деп ойлаймын.

Тимур Келбұғанов өзінің карьерасында алғаш рет топтан шықты- ресейлік Михаил Рожковты жеңді, ал швед Симон Садерлунд жарыстан шығып қалды. Финалдың бөлігіне шыққаны үшін турнирде ресейлік Денис Ивонинмен кездесті. Бұл Тимур Келбұғановтың ең үздік ойындарының бірі болар. Үшінші жүйеде 1:1 есебімен барлығы шешілді. Тимур алдыға шықты 7:1, осы сәтте бір жағдай болды. Ойын теңесті. Тайм-аут алды, 9:8 болды, 10:9, алайда жеңілді. Жалпы есеп 2:4,Денис Ивонин (Ресей) финалдық турнирге түсті.Үшінші жүйені Тимур жеңгенде матчтың қалай болатыны белгісіз болар еді. Беларусь Ашық чемпионатын Тимур өзінің активіне жазған шығар.

Александр Герасименко, Диас Сәрсембаевтар әрбір матчта күресе білді, алайда олардың қарсыластары табысты болды.

21 жылға дейін турнирде Алсу Сапарова, Айдос Кенжеғұлов және Зәуреш Ақашевалар ойнады. Алсу ресейлік Элизабет Абрамяннан 1:3, польяк Слазактан 1:3 жеңілді. Жеңіске талпынды, алайда халықаралық ойындардың тәжірибесі жетіспеді.

Зәуреш ешқандай қиындықсыз ресейлік Екатерина Голубеваны жеңді және сондай-ақ ешқандай қиындықсыз Чехияден келген қорғаушы Маркет Севчиковадан жеңілді. Біздің спортшылар қорғаушы стиліндегі немесе құрамдас қарсыластар, анти-топсинді теннисшілермен кездесе қалса ештеңеге мүмкіндіктері болмайды. Осындай жағдай бойынша көп жұмыс істеу керек.

Айдос Кенжеғұлов алғашқы ойынын швед Симон Садерлундпен жүргізді,1:0-ге жеткізді, екінші жүйеде алдыға шықты және швед теннисшісі ауырғанына байланысты шығып қалды. Екінші ойында 3:2 есебімен ресейлік Дамир Ахметсафинді жеңді, және финалға шықты 1/32 . Онда оны қытайлық Жанг Юнфей күтіп тұрды. Егер оның көп доптары үстелге түскенде, қателіктерді аз жібергенде Айдос осы жерде де жеңіске жетер еді. Ойын тең болды, Айдос оны пайдалана білмеді. Төрт рет «доптың әуелеп ұшуы» (биіктіктегі доптар) дұрыс болмай бере алмады, тепе-теңдікті жоғалтып жол берді1:3.

Жұптасқан жарыстарда барлығы жарысты, жалғастыруға және әрі қарай ойнауға «аз-аз» жетпей қалды.



Талап Қойбағаров