Алматыда ардагерлер арасында Қазақстанда үстел теннисінің негізін қалаушы Анатолий Харитонович Ицкевичті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтеді (суретте). Ерлерде 40-49 жас, 50-59, 60-69, 70 жас және одан жоғары жастағы топтарда, әйелдерде 40 жас және одан жоғары жастағы топтарда Қырғызстаннан келген бірінші разрядтағы спортшылар, спорт шеберлері, спорт шеберлеріне үміткерлер, Қазақстанның қалалары мен облыс орталықтарынан келген спортшылар өнер көрсетеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 26 қарашада анықталады.
Талап Қойбағаров