21 қазақстандық спортшы (10 ер және 11 әйел) үстел теннисінен "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирінде бастама алды және үш ойын күнінен кейін тек екі спортшы ғана өнер көрсетуді жалғастырады - олар Сарвиноз Мирқадірова, Алан Құрманғалиев.
Сарвинозды айта кетейік, ол 2016 - 2020 жылдардағы Олимпиада Ойындарының қатысушысы
мысырлық Юсра Хелмиді (әлемдік рейтингте 47-ші) 3:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда
біздің теннисші Оңтүстік Корея құрамасының ойыншысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Чой Хёджумен (әлемдік рейтингте 38 - ші) ойнайды.
Микстегі ширек финалда Алан Құрманғалиев / Сарвиноз Мирқадірованың қарсыластары
қытайлық ойыншылар Сян Пэн / Лю Вэйшань.
Бүгін "WTT Contender Almaty" турнирінің негізгі торында біздің
келесі теннисшілер өз қарсыластарынан жеңіліп қалды:
Жеке разряд.
Кирилл Герасименко, Зәуреш Ақашева.
Жұптық разряд.
Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев;
Айдос Кенжеғұлов/Ескендір Харки;
Владислав
Захаров/Хьюго Дешамп (Қазақстан/Франция);
Анель Бақыт/Ангелина Романовская;
Сарвиноз Мирқадірова/Марина Доннер (Қазақстан/Финляндия);
Анастасия
Лаврова/Зәуреш Ақашева.
Аралас разряд.
Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева;
Ескендір Харки/Ангелина Романовская.
Турнирдің бас
демеушілері – «Самрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official және Туризм және
спортты қолдау қоры @sportqory
Талап Қойбағаров