Алан Курмангалиев алтын медаль жеңіп алды

14.04.2025

Францияда (Мец қ.) «WTT Youth Star Contender Metz» халықаралық турнирі аяқталды, 19 жасқа дейінгі жас санатында Қазақстанның атынан Алан Курмангалиев (жаттықтырушысы Эльмира Алиева) қатысты. Біздің спортшы бірінші орынға ие болды: ол Коннор Гринді (Англия) 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) 3:0, Ма Ёнминді (Корея) 3:1, Флавио Мурьені (Франция) 3:2, Ли Сынсуді (Корея) 3:1, Юлиан Чиритыні (Румыния) 3:1, Ян Хао-Дженi (Тайбэй) 3:1 есептерімен жеңді.

Талап Қойбағаров