Кезекті, 14-ші халықаралық медаль қарағандылық Алан Құрманғалиевтің қоржынында (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева). Құттықтаймыз!
Чехияның шығысында (Гавиржов қаласы) әлемнің 30 елінен келген 11, 13, 15, 17 және 19 жастағы спортшылардың қатысуымен үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирі өтуде. Үлкен жасөспірімдер арасында қазақстандықтар Санжар Жұбанов, Ескендір Харки, Сағантай Құрмамбаев топтық кезеңнен сәтті өтіп, алайда 1/32 финалдың кезеңінде тоқтады.
15 жастағы теннисшілер арасында Алан Құрманғалиев алдымен
кіші топта бірінші орын алды, содан кейін 1/16 финалда Равад Алнасерді (Катар)
3:1, 1/8 -де Марсель Блащикті (Польша) 3:0, ширек финалда Михаил Ловганы
(Украина) 3:0, жартылай финалда Йоан Величковты (Болгария) 3:1 есептерімен жеңді.
Финалда қарсыласы 27 мамырда Алан Испанияда жеңілген Казуки Ешияма (Жапония)
болды. Бұл жолы қазақстандық мықты болды. Жылдам, жапондық ойыншы бүкіл ойында
Аланға үлгермеді, есеп 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7).
Талап Қойбағаров