Алға жылжыды

03.03.2026

Халықаралық үстел теннисі федерациясы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, оған сәйкес Кирилл Герасименко 19 позицияға көтеріліп, 74 орыннан 55-орынға орналасты.

Мұндай қадам қазақстандықтың "WTT Singapore Smash" өкілді турнирінде табысты өнер көрсетуінің арқасында орын алды, онда ол төрт жеңіспен, 1/16 финалға дейін жетіп, 100 рейтингтік ұпай жинады.

Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров