(ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясы WTT (World Table Tennis) сериялы жастар жарыстарының жаңа құрылымын жариялады, ол екі деңгейге бөлінеді: WTT Youth Contenders және WTT Youth Star Contenders және жастар сериясын қалған WTT-ның іс-шараларымен біріктіреді. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттыру, дарынды ойыншыларға тәжірибелі спортшылармен бәсекелесуге мүмкіндік беру мақсатында жасалды. WTT жастар сериясы келесі жас санаттарын қамтиды: U11, U13, U15 , U17 және U19. 15 қарашаға дейін WTT сериялы жастар жарыстарын өткізуге өтінімдер беру процесі ашылды. Мүдделі ұлттық қауымдастықтар 2021 жылы бірнеше жарыстарға бастамашылық ете алады.
Сонымен бірге, жалғасып жатқан COVID-19 індетінің салдарынан
2021 жылдың алғашқы үш айында Youth Series жарыстары болмайды. Маусымның ашылуы сәуір айына жоспарланған.
Тағы бір өзгеріс – аралас жұптық разрядтардағы матчтардың
болмауы мүмкін. Оларды бағдарламаға қосу әр нақты COVID-19 жағдайына
байланысты.
ITTF материалдары бойынша