Ал төрешілер кім?

29.08.2025

"WTT Contender Almaty" халықаралық турнирінің матчтарына қызмет көрсететін төрешілер командасын ұсынамыз.

Жарысқа 4 халықаралық, 9 қазақстандық төрешілер және олардың арасында кәсіпқойлық пен біліктіліктің жоғары деңгейін растайтын ITTF "Gold Badge" ең жоғары төрешілер санатының иегері Акрам Бен Аттия (Тунис) қатысады.


Халықаралық төрешілер:

Акрам Бен Аттия (Тунис), Мохана Сасидхаран Бинду (Үндістан), Саид Мустафа Наглаа Фатхи (Мысыр), Алалави Башир (Бахрейн).


Қазақстандық төрешілер:

Халықаралық санаттағы төрешілер Рустам Мирасланов, Дильназ және Гульназ Жалалдин, Бекзат Аубакиров, Ши Пынчин, Айман Капарова, Бакзада Байжан, бірінші санатты төреші Лаура Табажанова, спорт бойынша төреші Артем Орел.