Спорттағы басты тұлғалардың бірі спорт төрешілері болып табылады.Оларға тек жеке кездесуде ғана емес, сонымен қатар бүкіл жарыс көлемінде жеңімпазды анықтау жауапкершілігі жүктеледі.Жұмыс бұл машақатты, қиын, албеделдікке тек әділдікпен, табандылықпен, адалдықпен ғанақол жеткізугеболады.Дәл осы судьялар – спортшылардың жетістікке жетулерінде бірінші көмекшілері.Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы, турнирлерді жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу мақсатында еліміздің облыс орталықтарында төрешілер бригадаларын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді іске асыруда.Қала және облыс біріншіліктерінде, ардагерлер арасындағы республика чемпионатында, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен үстел теннисінен он үш судьяға «спорт төрешісі» санаты берілді. Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров