Ал бізде қола!

28.09.2019

Зренянин қаласынан жағымды жаңалық келді, мұнда үстел теннисі бойынша Сербияның ашық біріншілігінде қазақстандықтар үшінші орынды иеленді. Кадеттер арасындағы командалық турнирде Сәрвиноз Мірқадырова – Александра Смирнова Ресей, Сербия, Словакиядан өтіп, финалға шығар кезде ғана Германияға 2:3 есебімен жол берді. Халықаралық құрама Алан Құрманғалиев - Матиас Лебеда (Чехия) Хорватияны, Сербияны, Словакияны жеңді, бірақ Таиландта "шалынып қалды". Біздің жас ракетка шеберлерін қоланың жарқыраған наградаларымен құттықтаймыз!



Талап Қойбағаров