Алматыда "WTT Contender Almaty" аяқталды және турнирдің бас төрешісі Акрам Бен Аттия (Тунис) қорытындылады:
"Төртінші рет Алматы беделді жарыстарды
өткізуде және әрқашан жоғары деңгейде. Қонақтарды,
спортшыларды, жаттықтырушыларды тосып алу, оларды
орналастыру, тасымалдау, тамақтану өте жақсы ұйымдастырылған, ал "ADD Ustel Tennis Ortalygy" барлық халықаралық
стандарттарға сәйкес келеді. Турнирдің қатысушылары барлығымызды тамаша ойынмен қуантып, үстел
теннисінің сұлулығын көрсетті. Алматыда келесі кездесулерге
дейін".
Жеке разряд, ерлер.
1 орын Сунсуке Тогами (Жапония)
2 орын Чжоу Цихао (Қытай)
3 орын Рёичи Ёшияма (Жапония)
3 орын Чен Юнсонг (Қытай)
Алан Курмангалиев 1/8 финалға дейін жетті.
Жеке разряд, әйелдер.
1 орын Хонока Хасимото (Жапония)
2 орын Цинь Юйсюань (Қытай)
3 орын Сакура Ёкои (Жапония)
3 орын Хе Чжуоцзя (Қытай)
Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Кошкумбаева
1/16 финалда қарсыластарынан жеңіліп қалды.
Ерлер жұптық разряды.
1 орын Юань Лицен/Сюй Инбинь (Қытай)
2 орын Сора Мацусима/Сунсуке Тогами (Жапония)
3 орын Пак Кангён/Пак Гюхён (Корея)
3 орын Максим Гребнев/Лев Кацман
Искендер Харки/Ирисбек Артукметов ширек финалға дейін жетті.
Әйелдер жұптық разряды.
1 орын Хонока Хасимото/Хитоми Сато (Жапония)
2 орын Ши Сюньяо/Цянь Тяньи (Қытай)
3 орын Зонг Немец/Цинь Юйсюань (Қытай)
3 орын Хе Чжуоцзя/Ван Сяотун (Қытай)
Зауреш Акашева/Сарвиноз Миркадирова, Анель Бахыт/Ангелина
Романовская, Жанерке Кошкумбаева/Гузель Торшаева 1/8 финалда қарсыластарынан жеңіліп қалды.
Аралас разряд.
1 орын Хуан Ючжэн/Ши Сюньяо (Қытай)
2 орын Сюэ Фэй/Цянь Тяньи (Қытай)
3 орын Пак Кангён/Ю Сиу (Корея)
3 орын Сатоши Аида/Хонока Хасимото (Жапония)
Владислав Захаров/Ангелина Романовская ширек финалға дейін жетті.







Талап Қойбағаров

