Ах, Самара – қалашық

17.11.2017

Самара қаласында Самара облысының губернаторының жүлдесіне үстел теннисінен VI жыл сайынғы жарыс өтті.«Первая ракетка» спорт кешені Ресей Федерациясының 8 субъектісінен және Батыс Қазақстан облысынан келген 100 спортшыға өз есігін ашты. Турнир екі жас санаты арасында өтті : қыздар мен жігіттер 16 жасқа дейін, ұлдар мен қыздар – 13. Оралдан барған теннисистер Санжар Жұбанов, Аружан Ілияс, Бекіш Аружан, Серік Әлішер, Дамир Мэлсов, Әсем Нұрмұханбетова(олардың тәлімгерлері Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин, Гүлчехра Хусейнова және Дулат Жүзбаев) Қазақстанның атынан шығып медальдар жеңіп алды.Санжар Жұбанов үш жеңісімен өз тобында жарыстың финалдық бөлігіне шығып, онда 3:0, 3:1 есебімен ресейліктер Никита Нецконың, Егор Бадиковтың, Андрей Гулевскидің, Матвей Рязанцевтің қарсылықтарына қарамастан жеңіске жетіп чемпион атанды.

Қыздар арасында Аружан Ілияс, Бекіш Аружан өз топтарында қарсыластарын жеңіп, Финалға шығып күміс пен қола жүлделерін жеңіп алды.

Самар облысы губернаторының дәстүрлі жарыс жүлдесі жас спортшыларға өзіндік бастапқы алаңы болып табылады, онда олар тек қана жарыс тәжірибесінің жоғарғы дәрежесін алып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің рейтингтерін жақсарта алады.