Астанада, Назарбаев Университетінің спорт орталығында Қазақстан Республикасы Спартакиадасының бағдарламасындағы үстел теннисінен турнир өз мәресіне жетті. Дәстүр бойынша соңғы күні жеке, жұптық, аралас разрядтарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Осы жолғы жарыстардың өту ережесінде де өзгерістер болған жоқ. Бірінші болып алтынды әйел дуэттері Зәуреш Ақашева – Наталья Шумилова (Қарағанды облысы) және Айя Әлімбаева – Анель Бақыт (Алматы) ұтысқа салды. Атақ, ойын тәжірибесі бойынша қарағандылықтардың алматылықтардан артықшылықтары бар, бірақта бұл ойынға қатты әсер етпеді. Әр партияда ұпайға, бастамаға ұмтылу және оны тартып алу үшін шайқастар жүрді. Көрермендер қол соғу арқылы қыздарды қолдады, өз эмоцияларын қуанышпен білдірді. Есеп 3:1 - Спартакиада чемпиондары Зәуреш Ақашева – Наталья Шумилова.
Аралас жұптар
финалында Кирилл Герасименко – Анастасия Лаврова (Астана) және Вячеслав Захаров
– Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) кездесті. Қарағандылықтар соңына дейін
шайқасты, қолдарын түсірген жоқ, бірақ нәтижесінде Герасименконың шеберлігі
өзін көрсетті. Есеп 3:0.
Аздап демалып,
Кирилл тағыда, бірақ осы жолы өзінің үлкен ағасы Александрмен бірге жұптық
разрядта ойын алаңына шықты. Оларға Бекұлан Жамал және 16-жасар Ырысбек
Артұқметов (Шымкент) қарсы тұрды. Көбі сенсацияны күтті, бірақ Спартакиада
иелері өздеріне ешқандай босаңсу бермеді және жеңіске жетті 3:0.
Әйелдер арасындағы жеке турнирде финалға болжам бойынша
Анастасия Лаврова және Зәуреш Ақашева жетті, олар соңғы жылдары барлық
республикалық жарыстарда, ел чемпионаттарында жақсы ойындар көрсеткен болатын.
Кенеттен жаттықтырушылар, жанкүйерлер, үстел теннисінің білгірлері үшін
Анастасия үш партиядан кейін 3:0 есебімен алдыға шықты. Алайда, Зәуреш жай
әшейін берілмейді және оны барлық жанкүйерлері біледі. Бар күшін жинап ол
есепті 2:3 пен қысқартады. Міне бұл, соңғы ұтыс ұпайына дейін жеңімпаз белгілі
болмайтын финалдық шайқасқа ұқсайды. Алтыншы партия. Ешкім есесін жібергісі
келмейді, бірақ та барлық нәрсенің нүктесін қою керек. 4:2 – Анастасия Лаврова
(Астана) Спартакиада чемпионы.
Үстел теннисінен
спартакиадалық турнирді Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары Кирилл
Герасименко (Астана), Денис Жолудев (Шығыс Қазақстан облысы) аяқтады. Финалда
көрермендер тартысты ойын көрмеді, бірақ әдемі ұтыстарды, алыстан атуларды,
алынбайтын доп берістерді, жәй ғана, жарқын үстел теннисін тамашалады. Есеп 4:1
және Кирилл Герасименко төрт бірдей алтын медальдарымен Қазақстан Республикасы
Спартакиадасының Абсолюттік чемпионы атанды!
Талап Қойбағаров