"Абайға арнау" республикалық акциясы

09.05.2026

Семей қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында "Абайға арнау" республикалық акциясы аясында Павлодар облысы Заманауи үстел теннисі орталығын салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта объектінің жобасы мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынуға дайындық сатысында тұр. Сонымен қатар, жобалық құжаттама әзірленіп, барлық қажетті келісімдер алынды.

Жер учаскесінің ауданы 4 гектарды құрайды.


Орталық барлық халықаралық талаптарға сай болады: кәсіби еден жабыны мен үстелдері бар ойын залы, төрешілердің жабдығы, жаттығу құрылғылары орнатылған зал, душ бөлмелері, медициналық кабинет, киім ауыстыру бөлмесі мен жаттықтырушылардың бөлмесі, аудио және бейне жабдықтар, көрермендерге арналған трибуналар. Мұның бәрі мұнда тек облыстық, республикалық жарыстарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық жарыстарды да өткізуге мүмкіндік береді.


Талап Қойбағаров