Аға жаттықтырушы

07.10.2026

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұйрығымен үстел теннисінен аға жаттықтырушы қызметіне Әбілсейіт Ибат тағайындалды - Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан Кубогының иегері, командалық есептегі жастар спорт ойындарының жеңімпазы, республикалық жарыстардың жүлдегері. Бұған дейін облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер теннис мектебінде аға жаттықтырушы болып жұмыс атқарған.


«Әбілсейіт Қонайұлы, тағайындалуыңызбен құттықтаймыз және Сізге сәттілік, төзімділік, жоғары спорттық нәтижелер тілейміз.

Алда чемпиондарды даярлау, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, жаттығу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және Батыс Қазақстан спортшыларының ең жоғары деңгейдегі турнирлерде табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар күтіп тұр».