Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұйрығымен үстел теннисінен аға жаттықтырушы болып Ернар Ибрай тағайындалды.
Ернар
Қайыржанұлы - Қазақстан Республикасы ашық командалық чемпионатының қатысушысы,
облыстың 5 дүркін чемпионы, алты жыл бойы теннис спорт түрлері бойынша
балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып жұмыс істейді.
Облыстың
аға жаттықтырушысы лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз! Бұл сіздің кәсібилігіңізді,
тәжірибеңізді және спортты дамытуға қосқан үлесіңізді мойындау болып табылады.
Сізге мықты денсаулық, тәртіпті және талантты тәрбиеленушілер, сондай-ақ жарқын
жеңістер, үлкен жетістіктер және өршіл жоспарларды жүзеге асыруды тілейміз.
Талап
Қойбағаров

