Аға жаттықтырушы

15.09.2025

Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының бұйрығымен үстел теннисінен аға жаттықтырушы болып Алия Жанпеисова тағайындалды. Үстел теннисінде ол 20 жылдан астам уақыт бойы болуда, ҚР спорт шеберіне үміткер, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері.


"Менің жұмысымдағы мақсаттар мен міндеттер - бұл ең жоғары деңгейдегі жарыстарда Астана мен Қазақстанның атынан лайықты өнер көрсете алатын теннисшілерді даярлау. Астаналық үстел теннисі мектебін дамыту және нығайту, әрбір спортшының әлеуетін ашу үшін жеке тәсілмен жақындау, балалар мен жасөспірімдерді үстел теннисімен айналысуға тарту, оларда салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастыру", - деп атап өтті Алия Жанпеисова.


Алия Алтынбекқызын құттықтаймыз және жұмыста сәттілік, алға қойған мақсаттарға жетуде табандылық пен шыдамдылық тілейміз.