Петропавлда үстел теннисінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) ашылды (директор Ирина Пюрко). Жеті тәлімгер, 6 жастан асқан 244 спортшы ағымдағы жылдың қазан айында ашылған жаңа орталықта жаттығуда.
Мектеп қызметінің негізгі мақсаттары өңірде үстел теннисін насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыс және республика құрама командаларына үміткерлерді даярлау, жас спортшылардың жеке қабілеттеріне сәйкес жоғары нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.
Ақ жол!
Талап Қойбағаров