Жезқазған қаласындағы олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде үстел теннисі бөлімі ашылды. Ұлытау облысының аға жаттықтырушысы Ғалия Әбдіғаппарованың жетекшілігімен "Doniс Waldner Сlassic 25" үстелдерінде 48 спортшы шеберліктерін арттырып, техникаларын шыңдауда.
Бөлімнің басты міндеті - облыс құрамасына теннисшілерді
іріктеу және даярлау, оқу-жаттығу барысын жүргізу, спорттық нәтижелерді талдау
болып табылады. Ақ жол!
Талап Қойбағаров