Ақ жол

30.12.2022

Өскеменде Облыстық үстел теннисі Федерациясының кеңесі өтті, онда қоғамдық ұйымның төрағасы болып Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омар сайланды. Оның кәсібилігі, ұйымдастырушылық қабілеті елдің шығыс аймағында үстел теннисінің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Олимпиадалық және халық арасында өте танымал спорт түрін одан әрі дамыту, теннисшілердің шеберлігін одан әрі арттыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, турнирлерге жәрдемдесу және ең жоғары деңгейдегі жарыстарда шығыс қазақстандықтардың табысты өнер көрсетулері бойынша көптеген жұмыстар күтіп тұр. Ақ жол!

Талап Қойбағаров