Ленинград облысының Сиверский кентінде үстел теннисінен «А» Жоғары лигасының әйелдер командалары арасындағы Ресей чемпионатының төртінші туры аяқталды, онда «TTC Karaganda» клубының спортшылары Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина (жаттықтырушылары Татьяна Ким) керемет өнер көрсетті. Біздің қыздар жеті ойын өткізіп, алты рет жеңіске жетті: «Сентябрь» (Сосновый бор, Ленинград облысы) 3:0, «Ржевка» (Санкт-Петербург) 2:3, СШОР №2 (Санкт-Петербург) 3:2, «МГФСО-ФИЛИ» (Мәскеу) 3:0, Ника-Юниор» (Сиверский) 3:2, «Комета» (Санкт-Петербург) 3:1, «Москвичка» 3:0.
Суретте Жанерке Көшкімбаева.
Талап Қойбағаров