Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы қыздар мен әйелдерді 8 наурыз көктемгі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің даналықтарыңыз бен шыдамдылықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз
және жан жылулықтарыңыз, жұмыстағы кәсібилікті қоршаған әлемге мейірімді көзқараспен
үйлестіре білгендеріңіз үшін ең жылы, шынайы тілектерімізді қабыл алыңыздар.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз және өмірлеріңізде жарқын және қуанышты күндер көп болсын!