7 орын - Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтижеміз

10.10.2024

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасуда және бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы командалық турнир аясында Иранның спортшыларымен қорытынды матч өткізді.

Қазақстан-Иран 3:1


Кирилл Герасименко - Ходэи Амир Хосейн 3:0

Алан Курмангалиев - Беньямин Фараджи 2:3

Айдос Кенжигулов - Сохраби Мохаммаджавад 3:0

Кирилл Герасименко - Беньямин Фараджи 3:1.


Қазақстан 7-ші орынға ие болды және бұл құрлықтық біріншілікте өнер көрсетудің бүкіл тарихындағы біздің ең үздік нәтижеміз.


Талап Қойбағаров