Владыславово қаласында (Польша) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирі өтуде. 17 жас санатында үшінші орынды қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) иеленді, оның қоржынында Гонконг, Перу, Финляндия, Қытай, Өзбекстан, Жапония қарсыластарынан алты жеңіс және Тайбэйлік ойыншы Чан Ю-Аннан бір жеңіліс бар.
Польшада Алан өзінің 23-ші халықаралық медалін жеңіп алды: 10 алтын, 6 күміс
және 7 қола. Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров