2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу

09.07.2025

14 шілдеде Алматыда Лондонда өтетін 2026 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатына Орталық Азия іріктеу турнирі өтеді. Өңірден тек ерлер мен әйелдер санаттарындағы үздік команда ғана Англия астанасына жолдама алады және осы күндері Қазақстан ұлттық құрамасы ОЖЖ өткізуде, жауапты стартқа қарқынды дайындалуда.

«Ел құрамасының мүшелері мен үміткерлер турнирдің барлық жауапкершілігін, маңыздылығын түсінеді. Барлығы адал еңбектеніп, жаттығуға толықтай қатысып, әлем чемпионатына жолдама алуға ниетті», - деп атап өтті Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Алиева.


Талап Қойбағаров