"2025 ITTF Asia hopes Week and Challenge" турнирінде төртінші орын

04.08.2025

Лаоста халықаралық сарапшы Дайсуке Исиданың (Жапония) басшылығымен Иран, Үндістан, Қазақстан, Лаос, Малайзия, Мальдив, Сингапур, Таиланд, Шри-Ланка, Жапонияның жас спортшыларының "2025 ITTF Asia Hopes Week and Challenge" оқу-жаттығу жиыны аяқталды. ОЖЖ-ның соңғы екі күнінде турнир өтті, оның финалистері "ITTF World Hopes Week and Challenge" әлемдік турниріне жолдама алды.

Жания Бекмухамбетова (жаттықтырушысы Юлия Даниярова, Қостанай қ.) жеті теннисші арасында кіші топта 2-ші орынға ие болып, жартылай финалға шығып, нәтижесінде төртінші болды.


Қыздар

1 орын - Каэде Нэя (Жапония), әлемдік «Hopes» турниріне жолдама

2 орын - Ван Суан Ён (Малайзия), әлемдік «Hopes» турниріне жолдама

4 орын - Жания Бекмухамбетова (Қазақстан).


Ұлдар

1 орын - Ясин Шоаритехрани (Иран), әлемдік «Hopes» турниріне жолдама

2 орын - Рику Таруи (Жапония), әлемдік «Hopes» турниріне жолдама

10 орын - Олег Яковлев (Қазақстан).


Талап Қойбағаров