2024 жылы кездесуге дейін

16.11.2023

"Jenimpaz" үстел теннисі орталығында (Павлодар қ.) №1 Қашыр орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ермек Китаевты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі ашық республикалық турнирі аяқталды. Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстанның 220 спортшыларының арасында келесі жас санаттарындағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды:

Ерлер 16-39 жас.

1 орын Денис Ивонин (Орынбор)

2 орын Кирилл Герасименко (Астана)

3 орын Никита Артёменко (Санкт-Петербург)

Әйелдер 16-39 жас.

1 орын Влада Воронина (Нижний Новгород)

2 орын Анастасия Иванова (Екатеринбург)

3 орын Арина Слаутина (Қазан)

Ерлер 40-49 жас.

1 орын Алексей Хорьков (Архангельск)

2 орын Алексей Мищук (Павлодар)

3 орын Дмитрий Попов (Мәскеу)

Әйелдер 40 жас және одан жоғары.

1 орын Валентина Успанова (Алматы)

2 орын Любовь Никифорова (Алматы)

3 орын Әлия Абжанова (Астана)

Ерлер 50-59 жас.

1 орын Игорь Медведев (Алматы)

2 орын Дмитрий Горбенко (Алматы)

3 орын Марат Суртубаев (Қарағанды)

Ерлер 60 жас және одан жоғары.

1 орын Евгений Кацеленбоген (Екатеринбург)

2 орын Олег Горбунов (Омбы)

3 орын Никанор Ким (Алматы).


Турнирді ұйымдастырушы, Павлодар облысының үстел теннисі Федерациясының төрағасы Асхат Қалиев қорытындылады:

"1997 жылдан бері аталған жарыстар өтуде. Алдымен олар аудандық, содан кейін облыстық, республикалық ауқымда болды және бірнеше жылдан бері бізге жақын шетелден теннисшілер келуде. Турнирге қатысушылардың шеберлігі өте жоғары. Мысалы, ресейліктер жауынгерлік құрамды әкеліп, алтыдан 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ұстазым Ермек Китаевты еске алғандарыңыз үшін баршаңызға рахмет. 2024 жылы кездескенге дейін".


Талап Қойбағаров