Үстел теннисінен Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамалары бүгін Іле Алатауының бөктерінде теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікке көтерілді, онда тәлімгерлер Эльмира Әлиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченконың басшылығымен 8 қазанға дейін оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өткізіледі. Бірінші апта карантиндік және барлық іс - шаралар тек таза ауада өтеді - бұл жаяу серуендеу, созылу жаттығулары, кросс, жалпы физикалық дайындық, қозғалмалы ойындар, фитнес, жүгіру жаттығулары, спорттық жүріс және теориялық дайындық. 23 қыркүйектен бастап үстелдерде 3-4 сағаттан екі реттік жаттығу, техникалық-тактикалық шеберлікті жетілдіру, доптың көп санымен жұмыс жасау (ДКЖ), есепке ойнау.
Эпидемиялық нормаларға сәйкес, ОЖЖ-ға шығар алдында барлық
теннисшілер ПТР-тест тапсырды.
Талап Қойбағаров