Ақтөбе қаласының Орталық Стадионының алдында "Доп және ракетка - дені сау бала серігі!" үстел теннисі бойынша экспресс-турнир болды.Ақтөбе облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған үстел теннисі аймақтық Федерациясының турнирінде 6 жастан 15 жасқа дейін 150-ден астам балалар қатысты. - Бүгін менің әкем осы спорттық мерекеге мені алып келді. Бұрын үстел теннисінде ойнаған емеспін. Ойнап көрейін деп едім, егер маған ұнаса, мен болашақта кәсіби түрде дайындалатын боламын, - деді жеті жастағы ойынға қатысушы Мирас Амантай. Жауын-шашынға қарамастан, қатысушылар өздерінің жас шамасындағы топтарында тамаша ойын көрсетті, үстел теннисі федерациясының волонтерлары әндер мен билер орындады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, үздік теннисшілер арнайы жүлделермен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Diapazon.kz