Шымкентте үстел теннисінен "Shymkent Cup" ашық республикалық турнирі өтуде және жұма күні ерлер мен әйелдер арасында чемпиондар, жүлдегерлер анықталды. Жеке разрядта Дастан Кенжеғұловтың (Алматы) Иван Никулинге (Санкт-Петербург) қарсы матчы финалдың сәні болды. Шешуші бесінші партияда Дастан 7:0 есебімен алға шықты және оның алтын медаль жеңіп алатынына ешкім күмән келтірмеді, алайда 2022 жылғы Ресей Спартакиадасының командалық есептегі чемпионы, жеке есептегі күміс жүлдегер, ел чемпионатының қола жүлдегері - Иван есеп айырысуды қысқартты, қарсыласын қуып жетті, оны айналып өтіп, 11:8 есебімен жеңіске жетті. Керемет ойын.
Иван Никулин: "Финалдық
ойын көрермендерге ұнады. Ойын есебі 0:7 болсада мен берілмедім, соңына дейін шайқастым.
Мұндай жағдайлар менде бұрын болған: Өткен жылдың тамыз айында Ресей Спартакиадасының
командалық турнирінің финалдық матчында мен елдің төрт дүркін чемпионы, халықаралық
дәрежедегі спорт шебері Александр Шибаевтан шешуші партияда 1:7 есебімен ұтылып
жаттым, бірақ кездесу барысын өз пайдама бұрып, Санкт-Петербург құрамасының құрамында
алтын медаль жеңіп алдым".
Ерлер, жеке разряд:
1 орын Иван Никулин (Санкт-Петербург);
2 орын Дастан Кенжеғұлов (Алматы);
3 орын Айдос Кенжеғұлов (Алматы).
Әйелдер, жеке разряд:
1 орын Зәуреш Ақашева (Қарағанды);
2 орын Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент);
3 орын Гузель Торшаева (Алматы).
Ерлер, жұптық разряд:
1 орын Денис Жолудев / Иван Никулин (Өскемен /
Санкт-Петербург);
2 орын Ырысбек Артықметов / Ескендір Харки (Шымкент /
Масаншы);
3 орын Санжар Жұбанов / Сағантай Құрмамбаев (Алматы / Өскемен).
Әйелдер, жұптық разряд:
1 орын Сарвиноз Мирқадырова / Анель Бақыт (Шымкент);
2 орын Зәуреш Ақашева / Арай Ашкеева (Қарағанды );
3 орын Айя Әлімбаева / Гузель Торшаева (Алматы).
"Shymkent Cup" жалғасуда, медальдар үшін күреске
ұлдар мен қыздар кіріседі.
Талап Қойбағаров