Жақсы көңіл-күймен

11.08.2020

Токио-2020 олимпиадасын COVID-19-ға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызына ауыстыру кезінде, барлық спорт түрлері бойынша біліктілік орындарының 57 пайызы расталды. Үстел теннисі үшін іріктеу барысы бар, ол бастапқыда бекітілген және қазір бұл кезең ұзартылды. Іріктеу жарыстарын өткізудің барлық күндері мен орындары жақын арада жарияланады, ал әзірге Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жақсы көңіл-күймен, шайқасқа ұмтылуда. Жаттықтырушы Геннадий Герасименко әңгімелейді: "Жалпы дене дайындығын жолға қойдық және оны үстел үстіндегі ойындармен біріктірудеміз. Австрияда, Швецияда өтетін халықаралық турнирлерге, соның ішінде ең мықты еуропалық чемпионатқа-неміс Бундеслигасына оқу-жаттығу жиынының жоспары әзірленді. Көңіл-күйіміз жақсы жұмысқа дайынбыз. Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазинге, Федерацияның бас хатшысы Данил Пакқа, қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевқа және Нұр-Сұлтан қаласының "Толағай" ЖСШМ директоры Бағдат Данияровқа даярлауға қолдау көрсеткендері, көңіл бөлгендері және белсенді қатысқандары үшін алғысымды білдіргім келеді.

Талап Қойбағаров